Қазақстан футбол құрамасын таратып, қайта жасақтау

Құрметті отандастар.Өздеріңіз көргендей еліміздің футбол құрамасы өте төмен деңгейде.Өз алаңымызда Грузиядан жауапсыз екі гол айырмасымен ұтылдық.Онымен қоймай Андора елінің хат тасушы, супермаркет күзетшілері секілді әуесқой ойыншыларын да жеңе алмадық.Ұлттар лигасында қағаз бойынша фавориттердің бірі болғанымызбен, іске келгенде ұятқа қалып жатырмыз.Ұлтарақтай ғана жері бар, құрамасының қаржылық жағдайы біздің елдің бір ойыншысының құнына жетпейтін елді жеңе алмауымыз масқаралықтың көкесі.Жыл сайын қаншама миллиондарды қалталарына басып жүрген ойыншыларымыздың елдің намысын аяққа таптап жүргені құрама жанкүйерлерін қынжылтатынын айтпасақ та белгілі.Соған байланысты құраманың жанкүйерлері Қазақстан футбол федерациясына қазіргі құрамды таратып, жаңадан құрам жасақтауын талап етеміз.Және де сол құрамға жас таланттар Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Тұрысбек секілді ойыншыларды негізгі құрамға бекітуін талап етеміз.Қазақстан құрамасы келесі ойынын қазан айында Латвияға қарсы өткізеді.Егер де келесі матчтарында жеңіске жетпейтін болса,бас бапкер Станимир Стоиловтың да орнын босатуын талап етеміз.Қаншама алып жатқан қаражаттарын ақтамай,жеңіле беретін болса еліміздің туы бар жейдені киюге лайық емес.Құраманы намысты ойыншылармен қайта жасақтасын немесе тіпті жабылсын.Мұндай масқараға ендігі қарап отыра алмаймыз.Құрметпен Қазақстан футбол құрамасының жанкүйерлері! 


Қазақстан футбол құрамасының жанкүйерлері    Связаться с автором петиции

Подписать петицию

Платная реклама

Мы покажем эту петицию 3000 чел.

Facebook