Полиглот – патриоттың қазақ жері және тілі жөнінде Президентке Үндеуі

Құрметті Президент Нұрсұлтан Әбішұлы! 

Бүгінгі таңда қазақ халқында тіл мен жерден басқа ештеңе қалған жоқ. Қазақ тілі Конституцияда мемлекеттік тіл деп аталса да, Сіз өзіңіз, Парламент, Үкімет, мемлекеттік шараларды тек ресми тілде жүргізесіздер. Ал бұл Конституцияның 7 бабының 1 тармағын бұзу дегені: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.» Және де орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деген норма ҚЗ заңдарында жоқ - бұлай деу бос сөз! Расында, неге 70% қазақ өз Отанында басқа азаматтармен бөтен тілде сөйлесуі керек?  Қазақстанда,  Конституцияда жазылғандай "байырғы қазақ жерiнде", ұлтаралық қатынас тілі тек мемтілі болуы керек!  Сіз талай рет « Қайтеміз енді, біз орысша оқыдық!» - деп ақталасыз, ал сонда тек ана тілін білетін қазақтардың мүддесін кім қорғайды?  Қазақ тілінің жанашыры Руза Бейсенбай – тегі де, мен де орысша оқыдық, және мен қосымша 10 шет тілін меңгердім, соның өзінде қазақ тілінің мүддесін қолымыздан келгенше қорғап жүрміз.  Неге Сіз «Қазақстан азаматтарының барлығы мемлекеттік тілді білуге борышты!» - деп айтпайсыз? Бұндай норма ҚР тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 4-бабында бар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;   Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi."   Мен шет елдіктерді көп аудардым, олардың бәрі  «Өз тілдеріңде неге сөйлемейсіңдер ?» - деп бізге күледі. Әрине, өзін өзі сыйламаған халықты кім сыйласын. Қазақ тілінің пайдалану аясының кеңеюне Конституцияның орыс тілі туралы 7 бабының 2 тармақшасы кедергі болып отыр, өйткені соған жүгініп, орыстілді азаматтар мемлекет тілін үйреніп қолданбай отыр. Осы себептен аталған бап Конституциядан алынып тастап, орнына «Мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деген норманы енгізу керек.                                            Жер қойнауындағы  қазба байлықты, жер үстіндегі мемлекеттік мүлікті сатып жатырмыз, бірақ қазақ халқы байыған жоқ. Сол баяғы пәтер жалдап, қара жұмыс жасап, өз жерінде жетімнің күйін кешіп жүр. Сенбесеңіз өзіңіз Алматыдаға «Жетім бұрыш», «Құл базар» аталып кеткен жерлерге барып көріңізші – клиенттер  100%  қазақтар. Жер тек қазақ елінің меншігі, оны  халықтың келісімінсіз билік сатуға, жалға беруге құқығы жоқ! Ал қазір жерді аукцион, конкурс арқылы әзірше ҚЗ азаматтарына сататын және шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін жалға беретін жаңа Жер Кодексі Мәжіліс, Сенатта қабылданып, Президент оған қол койды.        Бүгінге дейін қазақ халқы бәріне де көнді, бірақ «қазақ – момын» деп, біздің құқығымызды бұза бересіздер ме?  Қазақтар аталған жағдайларға түбегейлі қарсы - өйткені жер мен тілден айырылсақ, біз ел ретінде жойыламыз. ҚР Конституциясында 3-бабы:" 1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.  2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді."Құдайдың алдында, Конституцияға сәйкес біз барлығымыз теңбіз, осыған орай мен Сізді жер және қазақ тілі жөніндегі сұрақтарды халықтың пікірімен санасып шешуге шақырамын!   

 Құрметпен,   

Жұлдызай Назарқызы Форт (Жұмаділдаева)                                                    

 

                                                   

 

                                                                                                   

                                                                               

   

 


Жұлдызай Назарқызы Форт (Жұмаділдаева)      Связаться с автором петиции

Подписать петицию

Вы получите электронное письмо со ссылкой для подтверждения вашей подписи. Добавьте, пожалуйста, info@petitions247.com в свой список адресов или надежных отправителей, чтобы точно не пропустить наши эл. письма.

Платная реклама

Мы покажем эту петицию 3000 чел.

Facebook