Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинге

                                  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевқа                                     ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевқа                                                         ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинге 

                                                    АШЫҚ ХАТ                                              

                           ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕТІ ТАЛАБЫ  

            ҚР 2003 жылы  қабылданған «ҚР Жер кодесінде»  шетелдіктерге мен азаматтығы жоқ адамдарға жерді жалға беру қарастырылған. Қолданыстағы «Жер кодексінің» 24-бабында: «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады» деп анық жазылған.

         ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлығы бойынша дау туғызған баптарға (24, 37, 48, 50, 97)  уақытша 5 жылға мораторий жарияланған болатын. Яғни, бұл баптың заңдық күші мүлде жойылмады, тек  2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша ғана тоқтатылды.  Мораторийдің  мерзімі аяқталған соң жағдай күрт өзгеріп,  Үкімет мүшелері мен Мәжіліс депутаттары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылық мақсатындағы  жер телімдерін  жалға беру мәселесін тағы  көтеруі әбден мүмкін деп алаңдаймыз.

        Себебі, 2017 жылдың қараша айында Парламент Мәжілісінің депутаттары «Жер кодексіне» толықтырулар мен енгізу туралы қарап, бірінші оқылымда мақұлдады. Жуық арада екінші оқылымда тағы да жер мәселесі қаралмақ. Үкімет жанындағы жер комиссиясының ұсынған шешімдерінде және Парламент депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған жер мәселесіне қатысты толықтырулар мен өзгерістерде: «Шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге  тыйым салынсын» деген бабтар нақты жазылмаған.  Мораторий мерзімі аяқталған соң, осындай қауқарсыз заңның әлсіз тұсын пайдаланған,  қолында билігі бар лауазымды тұлғалар  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жерді сатып немесе жалға беріп, жерімізді талан-таражға салулары мүмкін.

 ҚР Конституциясының 3- бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» делінген. Ал, жерге қатысты мораторий жарияларда Елбасы Н.Назарбаев: «Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге»  деген болатын.  Ендеше, халық мүддесіне қайшы келетін «Жер кодексі» ел-жұртқа, бізге мүлде қажет емес. Заң  халық игілігі үшін жазылып,  халықтың талаптары міндетті түрде ескерілуі тиіс.  Жер тағдыры мен ұрпақтарымыздың болашағына  қатты алаңдай отырып,  «Жер кодексіне» наразылығымызды білдіріп,  төмендегідей жеті талабымызды қоямыз.

«Жер кодексіне» төмендегідей бабтарды енгізуді талап етеміз

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар және  шетелдіктер және жарғылық қорында шетелдіктер үлесі  1 пайыз үлесі болса да  жерді сатуға және жалға беруге тыйым салынсын.
  2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен және  азаматтығы жоқ адамдармен  аралас некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған Қазақстан азаматтарына (азаматшаларына)  жерді сатуға және жалға беруге тыйым салынсын.
  3.  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді Қазақстан азаматтарына жекеменшікке беруге тыйым салынсын.
  4. Шекаралық белдеуде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатуға және жалға беруге тыйым салынсын.
  5. Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін  бір  адамға 500 гектардан артық беруге және ол адамға өзге өңірде жер беруге тыйым салынсын.
  6. Мазарлар мен молаларға жақын (радиусы 5 км жерге дейін) жерлерді  жалға беруге тыйым салынсын.
  7. Елді мекендердің айналасындағы жайылымдық және шабындық жерлерді (радиусы15 км дейін)  жалға беруге тыйым салынсын. 

Ашық хат әлеуметтік желілер және кездесу, сөйлесу арқылы 6 айға жуық  жер мәселесі туралы жүргізілген сауалнама қорытындысындағы  халықтың жазған ой- пікірлері мен ұсыныс - талаптарына сүйеніп жазылды.  

Сауалнамада:

  • «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жерді жалға беруге келісесіз бе?»
  • «Жер кодексіне» және жер мәселесі туралы толықтырулар мен өзгерістерге көңілің тола ма?» деген сұрақ болғанды.

Сауалнамаға қатысқан адамдар (респондент) саны – 450 мыңдай. Қуанып, мақтанатын бір жағдай, бірде – бір адам «шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жерді жалға беруге толықтай келіспеді». Сауалнама қорытындысы - әр қазақтың бойында, ел мен Отанға және «Жер-Анаға» деген сүйіспеншілік сезімінің  өте жоғары екенін, ұлттық рухтарының асқақ екенін  нақты дәлелдеді.

Қатауов Талғат Тұрсынғалиұлы,   «Білім және ғылым мекемелері жұмыскерлерінің  салалық  кәсіптік Одағы» қоғамдық бірлестігі  БҚО                                                 филиалының Төрағасы.

                                 Орал қаласы. Телефоны: 87086297116    


Қатауов Талғат Тұрсынғалиұлы,   «Білім және ғылым мекемелері жұмыскерлерінің  салалық  кәсіптік Одағ    Связаться с автором петиции

Подписать петицию

Автор петиции увидит всю предоставленную вами информацию в этой анкете.
Facebook